Айнұр Тұрсынбаева: Аш қасқырдай жалаңдаған жас ұрпақ өсіп келе жатыр

Сәрсенбі, 23 Қараша , 2016 14:33

Танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева әлеуметтік желілерде аузына келгенді жазатын оқырмандарына қайран қалды. Ол адамдардың қатыгез әрі ашушаң болып бара жатқанын ашына айтты. Айтыскер ақын желідегі оқырмандарын мейірімділікке, адамгершілікке, кешірімшіл болуға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz.

ainurtursynbay_18

«Осы шындарыңызды айтыңыздаршы… Сіздерді осы қоғамдағы қатыгездік қорқытпай ма? Мысалы, осы инстаграмның өзін алайықшы. Жап-жас келіншектер, титтей қыздар, бармақтай балалар зіркілдеп коммент жазып отырады. Анасынан үлкен әншілерге “сені жек көрем”, “дауысың құрсын”, “түрің жаман” деп у шашып отыру қорқытады мені. Адамды қайтсем жылатам, қайтсем кемсітем, қайтсем ренжітем деп аш қасқырдай жалаңдаған жас ұрпақ өсіп келе жатыр. Жаным түршігеді. Жамандықты жазу арқылы сіз өз жолыңызды жабасыз!» – деп бастады Тұрсынбаева сөзін желідегі парақшасында.

Айтыскер ақын ұнамаған суретті не жазбаны көрген жағдайда мән бермей өтіп кетуге кеңес берді. Оның айтуынша, кез келген жамандық өзіңе қайта оралады.

«Сіздің бір ауыз сөзіңізге менің түгім кетпеуі мүмкін, бірақ ол сізге міндетті түрде оралады… 100%! Мейірімді болып үйреніңіз. Тіпті қатты жек көріп тұрсаңыз да жылы коммент жазып үйреніңізші… Жолыңыз ашылады. Оқыған адам қуанса сізге де сондай қуаныш келеді. Бұл өмірдің заңы! Қатты жаныңыз ашып бара жатса жекеге жазып көріңіз. Бірақ Сіз айтты екен деп ештеңе өзгермейтінін ұмытпаңыз. Бекер жүйкеңіз құрып, кеудеңізге жаман энергетика жинайсыз. Жаман энергия ракқа ұшыратады… Күйеуіңізге, енеңізге, досыңызға деген ренішті басқадан алмаңыз. Ұмытыңыз! Кешіріп үйреніңіз! Сонда жолыңыз ашыла береді. Жолыңыз ашылса бағыңыз ашылады. Ашық жарқын болыңыз. Әрине қиын. Өзіңізді тәрбиелеуді инстадан бастаңызшы. Кез келген фотоның жаман жеріне мән бермей, көрсеңіз де көрмегендей өтіп кетуге тырысыңызшы. Тіпті ұнамаса оқымаңыз, қарамаңыз. Айдаладағы адамға жүйкеңізді жұқартпаңыз. Өзіңізді қинап болса да қуанып, сүйсініп үйреніңізші. Бұл өмір ғажап емес пе?! Дұрыстап, асықпай, жан-жағыңызға қараңызшы. 2-3 минут көзіңізді жұмып, барлық денеңізді, миыңызды босатып терең тыныс алып, ойланып көріңізші. Бәрі жақсы! Жүрегіңізді жұмсартыңыз! Ең жаман адамның ең жақсы жерін іздеп тауып көріңізші. Міндетті түрде табасыз, міндетті түрде жақсы көріп кетесіз», – деп түйіндеді сөзін Тұрсынбаева.

Жіберіп алмаңыз:

Мақпал Исабекованың анасы: Қаным ұйғыр болса да, санам қазақ

Стильдерін өзгерткен Ninety one тобы жаңа бейнебаян түсіруге кірісті

Америкалық модель абайсызда жыныс мүшесін көрсетіп қойғаны үшін кешірім сұрады (фото)

Қарақат алғаш рет Қыдырәлінің алғашқы отбасы жайында айтып берді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

4
Комментариев

Пікір қалдыру


Ақнұр
17 күні 12 сағат кері

Осылар дұрыс үлгі бермеген соң солай өсіп келеді жоғарғы отырғандар тек катын ойлайды қайсы дұрыс үлгі көрсетіп тәрбие беріп жатыр Айнур ханым қарны ток кайгы жоқ данышпан болмаяқ койсыншы

Анонимно
17 күні 22 сағат кері

Айнур айтканына косылам

Жұмбақ жан
17 күні 23 сағат кері

100о/о қосылам. Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп.

Анонимно
18 күні 3 сағат кері

Айнур ханым дурыс айтады ишки дуниен таза болганга не жетсин жаксылык тлесен алдыннан шыгады…

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
11.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар