Әйнектері шытынап кеткен «Бәйтеректі» жөндеуге 400 млн теңге бөлінбек

Жұма, 25 Қараша , 2016 13:03

Қыруар қаржы әйгілі монументті бастан аяқ жөндеуге жұмсалмақ. Өйткені, ашылғалы жөндеу көрмеген «Бәйтеректің» шынылары шытынап кеткен, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

7662371-Bayterek-monument-at-dusk--Astana-Kazakhstan-0

Ал, осы әйнектер бюджеттің миллиондарына тағы Италиядан алдырылмақ. Сондықтан Астананың басты символы қаңтар айынан бастап үш айға жабылатын болды.

Елордаға ат басын бұрған кез-келген қонақ ең әуелі «Бәйтерекке» көтеріліп, Астананы аспаннан бақыламаса, көңілі көншімейді. Содан болар әйгілі монумент бас қаланың символы атанған. Бірақ, сол еліміздің бет бейнесінің әбден тозығы жетіпті. Ашылғалы, яғни 14 жыл ішінде бірде-бір рет күрделі жөндеу көрмеген. Әйнектері шытынап, қабырғалары көгерген. Тіпті, баспалдақтың ұстап шығуға арналған темірінің өзі скочтың көмегімен әрең тұр. Десе де, «Бәйтеректі» қызықтауға келген адамдар бұған аса мән беріп жатқан жоқ.

Астана әкімдігі мақтауы асырылған монументтің мүшкіл халде тұрғанын біледі. Енді «ЭКСПО» алдында соны қалыпқа келтіруге жанталасып жатыр. Өйткені, мұнда шетелден де туристердің ағылып  келетіні анық. Сондықтан «Бәйтеректе» мін болмауы тиіс. Яғни, күрделі жөндеу жасап, еденін, есік-терезесін бастан-аяқ ауыстырмақшы.

“Шардың шынылары ауыстырылады.  Тозығы жеткен құрал саймандар ауыстырылады. Электрожабдықтар, жердегі мрамор ауыстырылады. Негізінде «Бәйтеректің» өзінде өзгеріс болмайды. Сол қалпында қалады. Тек ескіні жаңалау ғана”, – дейді ЖШС бөлім басшысы Ахмет Батаев, «Астана Бәйтерек».

Жөндеу жұмыстарына әкімдік 400 миллион теңге бөлген. Бір айта кетерлігі, соның 150 миллионы тек шыныларды ауыстыруға ғана жұмсалады. Өйткені, әйнектер Италиядан тым қымбатқа сатып алынады екен.

Бірақ, осы бағалы шынылардың саршұнақ аяз бен қатты дауыл тұрып «Бәйтерек» шайқалған кезде қайта шытынап кетпейтініне кепілдік жоқ. Ал, биіктігі 97 метрлік монумент күрделі жөндеуге қаңтардың 10-нан кейін тура 3 айға жабылады. Сөйтіп, күн жылығанда көктемде бірақ ашылмақшы. Жөндеуден кейін қараңғы түскенде түрлі-түске боялатын «Бәйтеректің» түнгі декорациясы да өзгеруі мүмкін.

Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбелік жігіт nursultanki.com доменін сатып алды

Күйші: Домбырамды су жаңа «Тойота Камри 40» көлігіне айырбастамай қойдым

Ұлттық банк “Қырқынан шығару” деп аталатын теңге шығарды

Бағлан Әбдірайымов рингте таяқ жеп қалды (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Пікір қалдыру


Жұмбақ
10 күні 16 сағат кері

Күн сайынғы түсетін табысы қайда екен

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
06.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар