Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аймағамбетов: ҰБТ-ның жауаптарын болжау мүмкін емес

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов Ұлттық бірыңғай тест тапсыратын түлектерді шпаргалкаға сенбеуге шақырды.

Аймағамбетов: ҰБТ-ның жауаптарын болжау мүмкін емес

Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Вице-министрдің сөзінше, шпаргалкаға сүйенген түлек өзін артық күйзеліске ұшыратып, бағалы уақытын жоғалтады.

«Бұл шпаргалкалар қандай болмасын, Қытайдікі ме, әлде басқанікі ме ешқайсысы жарамайды. Сондықтан біз түлектерге уақытты дайындыққа ғана жұмсауға кеңес береміз. Сондай-ақ, тесттің 50 пайызы жаңартылғандықтан, оның жауабын болжау мүмкін емес. Түлектер тек дайындалып, бағдарламаны меңгеріп қана жақсы нәтиже көрсете алады», – деді Аймағамбетов.

Айта кетейік, ҰБТ 2018 үшін 41 314 тест тапсырмасы жасалды, бұл өткен жылғы базаның 50 пайызын құрайды. Барлығы дерекқорда 119 751 тест тапсырмасы бар, оның 56 099 қазақ тілінде, 60 714 орыс тілінде.

Тағы оқыңыз: 

Жолаушы ала кетпекші болған Қостанай тұрғыны көлігінен айырылып қалды

ҰБТ-2018: «Алтын белгі» иегерлеріне жеңілдік жасала ма

Қазақстанда орта мектепті бітіру қанша тұрады

ҰБТ-дан ең алғаш болып 140 ұпай жинаған түлекке Iphone сыйға тартылады

Талқылау