Айқын “Қазақстан” телеарнасына қатты ренжігенін айтты
Тек жанды дауыспен ән шырқайтын әнші Айқын Төлепберген Қазақстан телеарнасынан көңілі қалғанын айтып, ренішін білдірді. Оған әншінің Алматыда өткен концерті себеп болған.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
“Алматыдағы концертті түсірген Қазақстан @kaztrk_kz арнасынан көңілім қалды. Концерттің ең қызықты жерлерінен кесіп тастаған. Ортасындағы көрермендермен жасаған жұмыс, қайталап айтылған (на бис) ән, үнді әні, импровизация. Басқа да ерекшеліктер. Концерттік номерлердің түйіні ашылмаған. Сол залда отырған көрермен болса мені түсінер”, – деп жазады Айқын Instagram aikyn парақшасында.
“Үнді сериалдарын “мыңдап” көресесіздер. Ал бір әнге эфир шыдамады”, – дейді әнші.
Как можно было это вырезать???? #флэшмоб @kaztrk_kz
Видео опубликовано Aikyn Tolepbergen (@aikyn)
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан