Айыпты деп танылды: "Дос-Мұқасан" тобының солисіне қатысты сот үкімі шықты
Әуежайда болған жағдайдан кейін басы дауға қалған «Дос-Мұқасан» тобының солисі Мұрат Құсайыновқа қатысты сот отырысы өтіп, үкім шықты. Елордалық сот музыкантты айыпты деп танығанымен, оны жазаға тартпады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Композитор сот отырысы барысында өзін түсіруге қарсы болды. Мұрат Құсайыновқа қатысты істі қараған судья оны кінәлі деп таныды. Алайда өз әрекетіне ұзақ уақыт өкінгені себепті жауапкершіліктен босатты. Судьяның мұндай шешім шығарарда Құсайыновтың еліміздің мәдениетіне сіңірге еңбегі де ескеріпті. Бұл заңда да қарастырылған.
Осылайша, музыкант сот отырысының барысында полиция өкілімен ымыраға келді.
Естеріңізге сала кетсек, жайсыз жағдай 14 сәуір күні "Эйр Астана" әуе компаниясында болды. Компания мәліметінше, Мұрат Құсайынов қызметкерлерге дауыс көтеріп, бейәдеп сөздер айтқан. Кейін экипаж ұшу қауіпсіздігі үшін оны тасымалдаудан бас тартты.
Бұл оқиғадан кейін музыкант компания өкілдерінің өзін төмендеткісі келгенін айтты.
"Сот шешіміне дейін пәтерде тегін тұра ала ма": Үй иелері мен жалға алушылар Қазақстандағы жаңа өзгеріске байланысты нені білуі керек
Қожайындар енді екі айлық пәтер ақысын депозит ретінде бірден сұрайды
Қазақстандық оқушы ауа арқылы су тапшылығын жоюдың жолын қалай ойлап тапты: Оның өнертабысына шетел қызығуда
Ол жақында Венадағы БҰҰ штаб-пәтерінде Cleantech Days Forum 2026 форумында әлемнің үздік үш жас өнертапқышының қатарына енді