Айгүл Иманбаева Азамат Сатыбалдыны неге "отағасы" деп атап жүр?
Азамат Сатыбалды мен Айгүл Иманбаева шоу-бизнес өкілдері бас қосқан жиында тәртіпсіздігімен көзге түсіп, Баян Алагөзовадан сөз естіп қалған болатын. Жалпы жұлдызды жұптың қоғамдық орындардағы әрекеті соңғы кездері елдің ойын сан-саққа жүгіртіп жүр. Азамат отбасылы болғанына қарамастан, оны Айгүлмен қосатындар жетерлік.
Тіпті, Иманбаева сахналық әріптесін "отағасы" деп атайды екен. Бұл туралы Stan.kz НТК арнасының "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Жақында Алтынбек Рахметовтің туған күніне бірге келген Азамат пен Айгүл сөз сөйлеу кезінде "бір үйден бір адам сөйлесе де жетеді", "отағасы сөйлегеннен кейін мен қосыламын" деп елді бір таңғалдырды. Ал сүйікті әріптесімен жұптастырып қоятындарға Азаматтың жауабы мынадай:
"Біз үйреніп қалдық. Оның үстіне елдің бәрі солай айтады, солай жазады. Айтқысы келгендер айта берсін, жазғысы келгендер жаза берсін. Біз өзіміз бір-бірімізге сенімдіміз ғой. Айгүл менің досым екенін білемін. Мен оған доспын, ол маған дос. Екеуміз тіпті, отбасымызбен араласып кеткен адамдармыз. Сондықтан да онда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын", - дейді Сатыбалды.
Азамат пен Айгүл студент кездерінен таныс. Содан бері етене байланыста. Олар болашақта театр сахнасында серіктес болуды жоспарлап жүр.
Азамат Сатыбалды 15 жылдан бері актриса Назгүл Қарабалинамен некеде. Екеуінің ортақ Сұлтан есімді ұлы бар. Ал соңынан ерген қауесет сөздерге Сатыбалды мән бермейді. Себебі:
"Мән беретін менің уақытым да жоқ. Егер жан-жағыма қарай беретін болсам, мен жетер жеріме, алға қойған мақсаттарыма жете алмаймын", - дейді Азамат Сатыбалды.