Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйгілі “Қара майор” Борис Керімбаев өмірден озды

Әйгілі “Қара майор” Борис Керімбаев өмірден озды. Ол бүгін, 12 ақпан күні 71 жасында Алматыдағы Қорғаныс министрлігінің емханасында жан тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Әйгілі "Қара майор" өмірден озды

Суыт хабарды белгілі қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан Facebook-тегі парақшасы арқылы жеткізді.
Айта кетейік, “Қара майор” осыдан бір ай бұрын ғана 71 жасқа толған.

Ол – Ауған соғысының ардагері, Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің отставкадағы полковнигі. Ол Ауған соғысында №177 отрядтың командирі болған. Мұсылмандар батальонын басқарып жүрген кезде “Қара майор” атанып кеткен.

Борис Керімбаев 1948 жылдың 12 қаңтарында Алматы облысы, Жамбыл ауданының Прудки ауылында дүниеге келген. Орта мектепті тәмамдаған соң Ленин атындағы Ташкент жоғары командалық училищесіне оқуға түскен. Оны бітірген соң Германиядағы кеңестер әскерінің тобына жіберілді. Ол әр жылдары әртүрлі әскери қызметтер атқарды.

Ауған соғысы кезінде Керімбаев басқарған батальон “мұсылмандардікі” деп аталды. Оның құрамында қазақ, тәжік, өзбек, қырғыз әскерилері болды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау