Иманбаева тілді шұбарлап сөйлейтін өнер иелерін мәдениетті болуға шақырды

Белгілі актриса әрі әнші Айгүл Иманбаева тілді шұбарлап сөйлейтін өнер иелерін сынады. Ол сахнада болсын, экранда болсын тілдің тұнығын лайлап сөйлейтіндерді мүлдем түсінбейтінін айтты.

иманбаева 250417

Иманбаева тіл мәселесін Zhuldyz.tv арнасына берген сұхбатында сөз етті, деп жазады Stan.kz.

Сахнада, экранда, салтанты жиындарда сөз кезегі келгенде тілдің шұбарланбауына көп көңіл бөлсек, болашағымыз жарқын болады дегенді алға тартты Иманбаева.

«Дегенде, жүргенде, мен ойлаймын, мен сөйтемін» деп былай айтқанда тілдің рухани мүгедектігі қазіргі жастардың 80 пайызында бар, ренжімеңіздер. Қарапайым халық пен жастарды айтпай-ақ қояйын, сахнаға шығатын жастарымыздың аузында сөзі, үстінде бөзі болса екен деген ниет.

Біздің буынды әрі қарай жалғастыратын жастар болғандықтан, олардың тілі шұбарлы болса, әрі қарай не болады? Өнер, сахна не болады?

Жарайды жүріп-тұру, сахнаның заңдылықтарын екінің бірі біле бермейді, бірақ дегенмен тілді жөндесе, оның өзі үлкен байлық деп ойлаймын. Жөндейікші», – деп өтінді Иманбаева жас өнер иелерінен.

Жіберіп алмаңыз:

Анасы: Димашты “мен таптым” деп мақтануға қазағымнан қорқамын

Димаш Құдайберген елге оралды (фото, видео)

Анасы: Димаш Америкада қалмайды. Ол тек қазақ үшін еңбектенеді

Желі оқырмандары Баян Есентаевамен суретке түскен әртістерді сынап тастады (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
26.05.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар