Айгүл Иманбаева: Сәбит екеуміз ажырасқанда судьяның өзі таңғалып қараған

Айгүл Иманбаева жақында екінші рет тұрмысқа шығуы мүмкін. Актриса тойдың ауылы алыс емес екенін бірнеше мәрте меңзеп айтқан болатын. Тіпті, жақында тойдың наурыз айында әрі шет мемлекетте өтетінін хабарлады, деп жазады Stan.kz тілшісі.

Айгүл Иманбаева

Иманбаева экс-күйеуі Сәбит Әбдіхалықовпен бүгінде жақсы қарым-қатынаста. Актриса, 20 жыл бойы ұлын жалғыз өсірсе де, өткеніне еш өкініші жоқ екенін айтады. Ал Сәбитпен ажырасуының себебін Иманбаева Ұлттық арнаның “Сенбілік таң” бағдарламасында былай деп түсіндірді:

“Еркелік. Мен де кішірейіп болмаймын, ол да кішірейіп болмайды. Балалық былай қарасаңыз. 20 жылда Сәбиттің қасында қала беруім керек еді деген өкініш болған жоқ. Ол кездегі менің таңдауым, ойым сол болды. Керісінше жеңілдегендей болдым. Уақыт сондай болды. Бала кішкентай, екеуміз де жаспыз. Ол да қиналған жоқ, мен де қиналған жоқпын.

Тіпті, екеуміз сотқа барған кезде судья: “Бұлай ажырасып жатқан адамдарды бірінші рет көріп тұрмын”, – деп айтқан. Екеуміз кеттік, далаға шығып, кафеге бардық, әңгімемізді айттық. “Жақсы, хабарласып тұр, Асылжанды көрем десең, звондап тұрасың ғой” деп екіге кеттік. Содан бала мен әкенің де арасы үзілген жоқ, күні бүгінге дейін араласады. Тіпті, қазір бала менен гөрі әкесіне жақын десем, өтірік айтпаймын. Ер азаматтар емес пе? Шығармашылықта да бір-біріне сүйеу болып кетті”, – деп ағынан жарылды Айгүл.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
14.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар