Айгүл Иманбаева: Келініме қатысты салт-дәстүрдің бәрін “шымкентше” жасаймын

Айгүл Иманбаева 20 жасқа келген ұлымен болашақ келіні жайлы жиі сөйлеседі. Тіпті, жар таңдау мәселесіне келгенде араласатынын қазірден құлағына “құйып” отырады. Себебі ананың таңдауы дұрыс болатынын Иманбаева өз тәжірибесінен біледі.

Айгүл Иманбаева: Келініме қатысты салт-дәстүрдің бәрін "шымкентше" жасаймын

Фото: “Айта берсін” бағдарламасынан скриншот

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

“Жарды адалынан берсе екен деймін. Мен міндетті түрде ұлымның жар таңдауына араласамын, ылғи да өзінің құлағына құйып отырамын. Қыздың шыққан тегі, әсіресе анасына қарап қызын алу керек. Мен оны келіндерімнен жақсы білемін. Араласқанда, түбегейлі білек-сыбанып кірісіп кетпейсің ғой, міндетті түрде өз ақылымды қосамын. Жүрекке қарсы келмейсің, бірақ бағыттап, бағдарлап деген сияқты”, – дейді Иманбаева.

Бір қызығы, актриса болашақта ұлына бөлек үй алып беруді, алайда бәрібір де онымен бірге тұруды жоспарлап отыр. Себебі:

“Шаңырағы бөлек, бірақ бір аулада тұрамыз. Келінге қатысты салт-дәстүрдің бәрін “шымкентше” жасаймын. Өйткені анау дейміз, мынау дейміз, бәрібір Шымкенттің заңы өте дұрыс. Ененің тәрбиесін көру, үлкеннің сәлемін салу, орамал салу, таңертең тұрып енеге шай құю – өте дұрыс деп ойлаймын. Соның бәрін сіңіріп өскен келін ертең сол үйдің иесі, киесі болып қалатыны анық. Басқа жерден шықты ғой, өзіңнің үйіңе қарай тәрбиелеу керек”, – деп ағынан жарылды Иманбаева.

Ал бүгінде режиссер мамандығы бойынша білім алып жатқан Асылжан анасының дегеніне қарсы келмейді. Өйткені:

“Ана ғой. Әке мен шешені таңдауға болмайды. Сондықтан олардың қалауына қарсы шығуға болмайды деп ойлаймын. Бұл кісінің бәйгесі, үміті бәрі менде болғандықтан, барынша көңілінен шығуға тырысамын”, – дейді ол.

Мұны естіп, жүрегі елжіреп кеткен Айгүл ұлының жүрек қалауына да қарайтынын айтты.

“Бірақ жүрегіңе қазірден айтып қойшы, “нормальный” қыз таңдасын”, – деп күлді ол.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
23.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар