Айгүл Иманбаева болашақта жалғыз қалудан қорқатынын айтты

Бейсенбі, 5 Мамыр , 2016 13:28

Актриса әрі әнші Айгүл Иманбаева соңғы екі жылдан бері “жалғыз қалып қалуым мүмкін” деген ойдың мазалап жүргенін айтты.

12063263_463353447170902_483612837_n

Фото: instagram.com/aigul_imanbaeva/?hl=ru

“Әнші емеспін, актрисамын” деп ұлы өнердің жүгін арқалаған Айгүл Иманбаеваның қазақ сахнасында алар өзіндік орны бар. Еркелігі өсе келе тайсалмас еркіндікке ұласқан актрисаның образдары сан қилы. Ол – актриса, әнші, телеарна жүргізушісі. Ең бастысы, аяулы ана. Бүгінде өмірінің мәніне айналған анасы 68 жаста, ал жалғыз ұлы Асылжан 11-сыныпты бітірмек. Бала болашақта кинорежиссура мамандығын игерсем дейді.

Актриса небәрі 21 жасында Сәбит Әбдіхалықовпен ажырасып, ұлын жалғыз өзі тәрбиелеуге мәжбүр болғанын айтады.  Баласымен жалғыз қалғанда бес жерде жұмыс істеп, өз күнін өзі көрген.

Жастық максимализмнің арқасында 21 жасында Жүсіпбек Елебеков атындағы эстрада цирк колледжі мен Ғабит Мүсірепов атындағы консерваторияда сабақ берген. Жасөспірімдер театрында жұмыс жасап, Хабар агенттігінің “Ұят болмасын” бағдарламасын жүргізген. Мұнымен қатар, түнгі уақытта мейрамханада ән айтып, ақша жинаған.

“Балалық шақ деген кезде көз алдыма бақытты сәттерімнен гөрі мұңды оқиғалар көбірек келеді. Дәл бүгін мені Айгүл Иманбаева қылған сол балалық шағымда көңіліме қаяу салған сәттер. Балалық шағым бақытты өтсе, мұндай дәрежеге жетпес те едім. Моральдық тұрғыдан қатты соққы алдым. Соққы алуымның бірден-бір себебі – әке-шешемнің екі жаққа кетуі. Ауыл арасындағы ырду-дырду, қазақтың баяғы бітпейтін айқай-шуы болды”, – дейді әнші Астана арнасының “Жансырым” бағдарламасында.

Тағдырдың тауқыметін көп көрген әнші мұндай қиындықтарын жеңуге өзіне уәде берген. 21 жасында сүйіктісімен ажырасқан Иманбаева өткен өміріне өкінбейді. Бала әкесінің текті екенін айтып, оған алғыс айтады. Десе де, жастық шақта бір-бірін “сен жамансың, мен жақсымын” деп айыптағанын жасырмайды. Мұнымен қатар, соңғы екі жылда “болашақта жалғыз қалып қалуым мүмкін” деген қорқыныштың бар екенін жеткізді.

“Барлық нәрсе қолымнан келеді деген мақсаттың арқасында көп нәрсені ой елегінен өткізбедім. “Құдай-ау, менің жасым өсіп келе жатыр, жалғыз қалып қалмаймын ба?” деп ойлағаныма тек екі жыл болды. Ал осы уақытқа дейін бұл тақырыпта мүлдем ойланып көрмеген екенмін. Өзімді жалғызбын, қасымда ер-азамат жоқ деп бұрын-соңды жақ ашып көрмегенмін. Міне, енді ғана балам мектеп бітіргелі жатқанда, қалай болады деп ойланып жүрмін. Әзірге жүрегімді жаулап, болмаса ішімде өмір сүріп жүрген адам жоқ. Ойым мен жүрегімде жеке өмірге деген энергияны жауып тастаған сыңайлымын”, – дейді Иманбаева.

Бүгінгі таңда Айгүл Иманбаева отандық арналардағы бағдарламаларды жүргізеді. Өзінің “Ai-studio” атты жекеменшік мектебі де бар.


Оқи отырыңыз:

Айгүл Иманбаева: 18 жасымда сезім мен сыйластықты шатастырдым

Сахнаға “ашық” киіммен шығатын әріптестерін әншілердің өздері сынады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Айгул анау мынау адамга тимейди оган чиноуник керек калталы бурынгы куйеуинен озып тусетин азамат керек !!

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар