Айгүл Иманбаева: Біздің еркектер қорқақ, тоқалдарын елге көрсете алмайды
Таяуда БАҚ құралдарының бірі Айгүл Иманбаеваның атынан жалған ақпарат таратқан. Оған сәйкес, Иманбаева “ғашық болып қалған жағдайда, біреудің тоқалы болуға да дайын” екенін айтыпты-мыс. Алайда актрисаның өзі мұны түбегейлі жоққа шығарып отыр. Ол, тіпті сөзін бұрмалаған акпарат құралымен соттаспақ болыпты. Бұл туралы актриса “Время” газетіне берген сұхбатында айтты.
“Мен керісінше, ақша үшін егде жастағы адамға шықпаймын, тоқал болмаймын деп айттым. Бұл барып тұрған сорақылық”, – дейді Иманбаева.
Актриса жалпы тоқал алу мәселесін құптамайтынын түсіндірді.
“Біздің азаматтар оған дайын емес. Олар – сужүрек, бәрінен қорқады. “Менің үш әйелім бар” деп ауызбен мақтанады. Ал шын мәнінде екінші не үшінші әйелі тасада қалып қояды, шет жақта баласын туады, бірінші әйелі олардың бар екенін де білмейді. Тоқалдар адам ұқсап ешқайда бара алмайды, тек тығылып өмір сүреді. Ондайды айналамнан, өз таныстарымнан көріп жүрмін. Жалпы бұлай біреудің тоқалы болудың, тұрмысқа шығудың не қажеті бар екенін білмеймін. Егер ол тоқалы туралы бәйбішесі, балалары білмесе? Әйелдер мұндай некеге қалай келісім береді, түсінбеймін”, – дейді Айгүл.
Тағы оқыңыз:
Мерекенің өзінен бірнеше жас кіші күйеуі себепсіз сыйлық жасап, сүйіктісін таңғалдырды (видео)
Болашақ дипломат: Қыдырәлі мен Қарақаттың тұңғышы мектеп бітірді
Жүрек тұсынан пышақтаған: Отандық әншінің өміріне қастандық жасалды