“Әйеліңізбен қайта қосылыңызшы”: Бауыржан Исламхан екінші рет әке атанды
Белгілі футболшы Бауыржан Исламхан екінші рет әке атанды. Аяқ доп шебері бір ұлдан кейін қызды болған, деп хабарлайды Stan.kz.

Футболшының жары Еркежан Талғатбекова қуанышты жаңалығымен желіде бөлісті. Ол 9 қаңтар күні босанған.
“Біздің кішкентай ханшайым. 09.01.2019. Сағат таңғы 8.15-те мен екінші рет ана атандым. Бұл қандай бақыт, Әлхамдулиллях. Біздің әлемге қош келдің”, – дейді Еркежан.
Жаңа туған нәрестеге Амели есімі берілген.
Айта кететін жайт, желі қолданушылары Бауыржан мен Еркежанның ажырасып кеткенін жазуда. Олар екі баланың ата-анасы атанған жұптың бірге болуын тіледі.
“Қызыңыздың бауы берік болсын, не болса да 2 балаңыздың анасы, барлық жақсылықтарды тілеймін”, – деп жазды оқырмандардың бірі.
“Қызыңыздың бауы берік болсын, шын жүректен Еркежанмен бірге болғаныңды қалаймын. Бұрынғыдай бірге болыңыздаршы”, – дейді екіншісі.



Тағы оқыңыз: Әке туралы өлеңдер
Қазақстандықтарды қарапайым су есептегіштерден әлдеқайда қымбат "ақылды" су есептегіштерді орнатуға міндеттеді
Тұрғын: "Неге қызметкерлерінің жұмысын жеңілдететін есептегіштердің құнын тұтынушылар өз қалтасынан төлеуі керек?"
Жаңа Конституция күшіне енеді, самокаттардың жүруіне шектеу қойылады: Қазақстанда 1 шілдеден бастап не өзгереді?
Сейсмикалық, сел және көшкін қаупі сияқты табиғи тәуекелдерге ерекше көңіл бөлінеді