Әйеліне сөзін өткізе алмаған күйеуі өзін өртеп жіберді
Азамат өзінің әйелінен сахнада ән салмауды өтінген. Әйелі тыңдамай, бірнеше әнді қатар орындап шыққан. Осыдан кейін күйеуі өзін өртеп жіберген.

Бұл туралы The Daily Mail басылымы хабарлайды.
Үндістанда азамат той үстінде өзін өртеп жіберді. Бұған әйелінің сахнада айтқан әні себепші болған екен. Оны тоқтату үшін үндістандық үстіне керосин құйып, өзін қонақтардың көзінше өртеп жіберген.

Нәтижесінде азамат ауруханаға жеткізілді. Денесінің 70%-ын күйік шалған. Әзірге оның денсаулығы туралы ақпарат жоқ.
Жіберіп алмаңыз:
Ирандық 3 жасар «өрмекші адам» керегемен жүре алады
Күйеуі тастап кеткен кейуана 1400 жетімді бауырына басқан
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"