Өз әйелін зорлаған еркек 5 жылға шартты түрде сотталды
Құрманғазы аудандық соты өз әйеліне сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деп айыпталған Дәшін ауылының 46 жастағы тұрғынына қатысты үкім шығарды.

Фото: www.vb.kg
Бұл туралы “Ақ Жайық” басылымы хабарлайды.
Ер адамның мұндай арсыз әрекеттеріне шыдай алмаған жәбірленуші әйел аудандық ІІБ-іне арызданған. Тағайындалған сараптама оның сөздерін растаған. Оның күйеуіне қатысты ҚР ҚК-нің 121-бабы 2-тармағы 4-тармақшасымен («Бірнеше рет жасалған сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер») қылмыстық іс қозғалған болатын.
“Сот оны кінәлі деп танып, 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды”, – дейді Құрманғазы ауданы прокурорының орынбасары Магилан Рахимов. “Жаза тағайындау барысында сотталушы кінәсін толығымен мойындап, шын ниетпен өкініш білдіруі, жәбірленушінің кешірім беруі және ортақ некедегі кәмелеттік жасқа толмаған балаларының бары ескерілді.