Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйелін пышақтаған ОҚО тұрғыны сот алдында жауап берді

Өз әйелін пышақтағаны жайлы видео мәлімдеме жасаған ОҚО тұрғыны қазір қамауда отыр. Қаратау аудандық соты күдіктіні екі айға тергеу абақтысына жапты,-деп жазды TVK арнасы.

Бірнеше күн бұрын Хайрулла Нарметова әйелін пышақтаймын деп өз өзіне уәде беріп, соны орындағанына қуанып отырғаны жайлы видео түсірген еді. Ол видео әлеуметтік желілер арқылы тарап та кетті.

Онда жігіт әйелін күдікті бір ағымға кіріп кеткені үшін жазаладым деп айтқан.
Сотта күдікті ол видеоның әлеуметтік желілерде қалай тарап кеткенін өзі де білмейтінін айтқан.

«Мен оны өзім үшін түсірдім. Кейіннен сақтап қойдым. Бірақ ватсапта кімге жібергенімді білмеймін»,-дейді күдікті.

Телефон арқылы келісе алмай қалған бұрыңғы жұбайлар, соңғы бірнеше уақыттан бері ажырасып жүрген екен. Ұрыстан кейін ашуланған жігіт бірден әйелді іздеп барған.

«Ол әйелін Ибрагим ата көшесіне іздеп келді. Қолында пышағы болды. Әйелінен үйге қайтуды сұрады. Бірақ келіншек оның айтқанына көнбеді. Осы жерде жігіт әйелдің кеуде тұсына пышақты сұғып алып, қашып кеткен»,-дейді куәгерлер.

Әйел әлі күнге Сайрамдағы аурухананың жан сақтау бөлімінде жатыр.

Оқи отырыңыз:

Кореялық медбикелер басшылықтың талабымен эротикалық би билеуге мәжбүр болған (видео)

Ер адам өзін аңдыған елес баланы суретке түсіріп алды (фото)

Жезөкшелердің етінен кәуәп жасап базарда сатқан алматылық адамжегіш алғаш рет сұхбат берді (фото)

 

Талқылау