Әйелін өлтірген азамат полицейді жаралап, өзіне қол салды
Ресейде ер адам әйелін өлтіргені үшін іздеуге түсті. Ол полицейді жаралап, кейін өзіне қол жұмсады.

Бұл туралы 21 қаңтарда белгілі болды. Ер адамның 41 жастағы әйелі жол бойынын басы мен кеудесі жараланған күйінде табылды. Оқиға Вологод ауданында болған.
Полицейлер күдіктінің көлігін оқиға орнынан 20 шақырым жерден тапты. Полицейді көрген күдікті қаруын алып, оқ атты. Патруль полициясы жараланып, ауыр күйде ауруханаға жеткізілді. Болжам бойынша, оқиғадан соң ер адам өзіне қол салды.
Тінту кезінде ер адамның тұратын жерінен әйелдің қан киімдері табылды. Көлігінің жүксалғышында да қан іздері болған.
Тергеуге сәйкес, адам өлімі үйінде болған. Осыдан соң ер адам мәйітті көлігіне салып, жол бойына тастап кетеді. Адам өлімі бойынша іс қозғалды.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
LRT, кептеліс және студенттер ағыны: Алматы көлік жүктемесін қалай көтермек?
Алғашқы LRT желісінің құрылысына 61,4 миллиад теңге қарастырылған
Қапшағайда гидроскутер "үрлемелі диванға" соқтығысты: Әйелдің қуығы жырылып, қыз есін жоғалтқан
15 жастағы қыздың жамбас сүйектері бірнеше жерден сынып, жадынан айырылған