Әскери қызметкер әйелін бас сүйегі шытынағанша тепкіледі (фото)

Сейсенбі, 20 Маусым , 2017 15:12

Құрлық әскерлері Әскери институтында бөлім командирі болып жүрген Боранбаев әйеліне тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсеткені үшін бір жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

19397704_1044188765716425_523539551_n

Бұл туралы Stan.kz тілшісі хабарлайды.

Жуырда жәбірленушінің анасы Ботагөз Чидеринова бұл жазамен мүлдем келіспейтіндігін айтып, қорғаушылардан көмек сұрады. Себебі, бас сүйегі соққыдан шытынап, қызына соңғы рет үш жерінен ота жасалған екен.

БАҚ өкілдерімен кездесу конференциясына Динара Чидеринованың өзі де, анасы да келді. Алайда келіншек дәлізде талып қалып, оны жедел жәрдеммен ауруханаға алып кетті. Сол себепті, бар оқиғаны анасы баяндап берді.

2016 жылдың қыркүйек айында Динара Чидеринова жатақханадағы бір бөлмелі пәтерін жинап жүреді. Бүйрегі қатты ауырып, жексенбі күні моншаға бірге баруға күйеуіне өтініш білдіреді. Осылайша екеуі кешке жақын моншаға баруға келісіп, артынша күйеуі үйден шығып кетеді. Сағат 4-5 шамасында Динара Чидеринова күйеуінің моншаға түсуге келмейтінін түсініп, ол ішімдік ішіп келетін шығар деген болжам жасайды. Сол күні дене қызуы көтеріліп, аяғын жылы суға салып отырған кезде күйеуі кіріп келеді. Артынша дәлізге шығып кетіп, 20-30 минут шылым шегіп жүреді. Осыдан кейін үйге кіре салысымен әйеліне бас салып, басынан жұдырықпен ұра бастайды.

19389717_1044188702383098_1981535978_n

“Күйеу балам қызымды ұрып жатқан сәтте бөлмеде 4 жастағы немерем оянбай ұйықтап жатқан. Яғни ол тамағынан басып тұрып ұрған. Артынша керегеге қарай қатты итеріп жіберген. Қызым есін жия салысымен дәлізге қарай қашқан. Осы сәтте күйеу балам пышаққа жүгіріп оны қорқытқан. Қуанышына орай, Динараны көршілер көріп қалып, екеуіне араша түскен екен. Қызымның бас сүйегі ауырмақ түгілі, шытынап кеткен екен. Мұндайдың бірінші рет болып тұрмағанын өздеріңіз де түсініп тұрған шығарсыздар?!” – дейді Бөтагөз Чидеринова.

Жуырда аталған іске қатысты сот отырысы аяқталған болатын. Судья Боранбаевты шартты түрде бір жылға бас бостандығынан айырған екен. Ол сотта әйелін бір рет бетінен шапалақпен, бір рет жұдырықпен ұрғанын айтып ақталған. Мұнымен қатар, Динараның анасы күйеу баласы дәрігерлермен келісіп, оны үйге ертерек шығартқызғанын айтып отыр. Әдетте жәбірленуші 21 күнге дейін ауруханада жататын болса, оның жарақаты жеңіл болып есептеліп, айыпталушының жазасы жеңілдетіледі. Ал Динараны дәрігерлер бас сүйегінің шытынап кеткеніне қарамастан, 5 күннен кейін тегін көмек көрсете алмайтындарын айтып, шығарып жіберген.

19398160_1044188775716424_1147036890_n

“Қызымның артық мінезі жоқ. Бір шетінен күйеу балам күнде ішімдік ішетін деп те айта алмаймын. Бірақ, оның артық кеткені рас. Қызымның бетінде сау жері жоқ. Тіпті, дәрігерлер оның бас сүйегінің сынғанын жасырып қалмақ болған. Біз отаны кейіннен ғана жасаттық. Бастапқыда дәрігерлердің сөзіне сеніп, жарақаты өздігінен жазылатын шығар деп ойлап жүрген едік. Қызым осы күнге дейін тұрмыста көрген зорлық-зомбылығын бізден жасырды”, – дейді Ботагөз Чидеринова.

Қорғаушы Айман Омарова аталған істің қайта қаралып, Боранбаевтың өзіне тиесілі жазаны алуы үшін барын салатынын айтып жатыр.


Жіберіп алмаңыз:

Қарағандылық полицейлер қызды аяусыз зорлаған қылмыскерлерге көмектескен

Астанада балдақпен жүрген бойжеткенді мейрамханаға кіргізбей қойған

Ақтөбелік дәрігерлер ауруханада қайтыс болған жігіттің ағзаларын туыстарының рұқсатынсыз кесіп алған

Рамазаннан кейінгі 6 күндік нәпіл ораза жайлы не білеміз?

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

7
Комментариев
  • Anonymous says:

    Какая терпеливая женщина! Искалечит, убьёт, зачем?!
    Знаю невыносимых жён, но они сами как псих тронется, избивают мужей, вызывают полицию. У таких, мужья бывают спокойными, мозг каждодневной истерией вынесен.

  • Anonymous says:

    кандай жагдай болмасын уруга болмайды шешилмейтин туйин жок. Ишип келдима жай апарып жаткыз. Ертенине сойлесу керек.

  • Anonymous says:

    Билмесендер ештеме айтпандар оздеринен баска шындыкты ешким билмеиди.

  • Anonymous says:

    5 лет надо было ему

  • Anonymous says:

    Баласының анасы емеспа сонша сабағаны несі,ер емес ез екен

  • Anonymous says:

    Қатынды бастан.

  • Anonymous says:

    Әйелі стерва болар. Еркек қараптан қарап қатынын үйістіп сабамайды ғой.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар