Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйелім мені алдап келіпті: Қазақ жігіті әйелін порносайттан тауып алғанын эфирге шығып айтты

Тимур Аппазов есімді қазақ жігіті отбасылық мәселені ел алдында шешіп көруге тырысты. Ол әйелінің өзін алдағанын, көзіне шөп салғанын айтып дауласты. 

Әйелім мені алдап келіпті: Қазақ жігіті әйелін порносайттан тауып алғанын эфирге шығып айтты

Бұл туралы "Астарлы ақиқат" бағдарламасында айтылды.

"Бұл менің екінші әйелім. 2009 жылы танысқанбыз. Бірінші некемнен екі балам бар. Ол менің қолымда тұрады. Екінші әйелімнен екі қызым өмірге келді. Осы уақытқа дейін жақсы өмір сүрдік. Тек 2014-2015 жылдары бір күдік пайда болды. Жұмыстан келсем, удай мас екен. Кейін порносайттан өз әйелімді көріп қалдым. Бетіне бетперде киген әйелдің менің әйелім екеніне сенімдімін. Бірақ ол мойындамады. Қызым үшін кешірер ем. Барлық жерге барып дәлелдеп көрмек болдым. Бірақ нәтиже болмады. Амалым таусылған соң, осының анық-қанығын шешу үшін келдім", - деді ол. 

Айтуынша, әйелінің не істеп жүргенін білу үшін сөмкесіне жазғыш таспа салуға мәжбүр болған. 

Ал, әйелі Уазира Жұмай күйеуінің айыбына келіспейді. Өзінің кінәсіздігін дәлелдеу үшін бағдарламаға келіп отырғанын айтты. 

"Бұрын да әркімнен қызғанатын. Жап-жақсы тұрып жаттық. 10 жыл тұрып, үйімізді салып, көлік алып едік. Аяқ астынан сайттан сурет тауып алып, өмірімізді құртты. Енді оны кешіре де алмаймын", - дейді әйелі. 

Еліміздегі жалғыз ғана сурет сараптамасының өкілі Елена Ермакова суреттегі әйелдің басқа жан екенін айтты. Бұның тек сәйкестік екені зерттеу арқылы дәлелденген. 

Осыдан соң Тимур Аппазов қатесін түсініп, ел алдынд кешірім сұрады. Алайда әйелі оны қабыл алған жоқ. 

"Мен өз арымның ақ екенін дәлелдеу үшін келдім. Құдай кешірсін. Мен оны кешіре алмаймын. Маған сенбейтін, ел алдында масқара ететін адаммен тұра алмаймын", - деді Уазира Жұмай.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау