Әйелі мен балаларын ұшаққа отырғызған Төреғали қазақстандықтардың ашуына тиді
Алматы-Гонконг бағытындағы ұшақты бөгеген әнші Төреғали Төреәлінің басы тағы да дауға ілікті. Ол отырғызу талоны болмай тұра, әйелімен бала-шағасын бортқа дейін шығарып салуды жөн көрген, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі “Время” газетіне сілтеме беріп.
Аталған оқиға Алматы қаласының әуежайында қыркүйек айының ортасында орын алған. Алматы-Гонконг бағытындағы ұшақ толық дайын екенін мәлімдеген кезде борттан жас жігіт шығуға асыққан. Ұшақ қызметкерлерінің тексеріс сұрақтарына өзінің бұл ұшақтың жолаушысы емес екенін айтқан ер адам салоннан шығып кеткен. Осындай ойына келген қылыққа барған азамат қазақстандық танымал әнші Төреғали Төреәлі болып шыққан. Салдарынан аталған бағыттағы ұшақ жарты сағаттай уақытқа кеш ұшқан екен.
Тағы оқыңыз
Төреғалиді жақсы көрмеудің бес себебі
Бұл ақпараттан хабардар болған желі қолданушылары Төреғалидің кезекті дөрекі қылығына наразылық танытып, ал Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдерінің дұрыс қызмет атқарып жүргендеріне күмән келтірген.
Мұрат Әбенов: «Шекарамыз тесік екен. Сонымен қатар, біздің шекара өту саласында түзетілген ақпараттық жүейміз жоқ екен. Барлық «цифрландыру» тек қағаз жүзінде. Қазір министрлік ғимаратына кіріп-шығу шекарада ары-бері қыдырып өткеннен қиынырақ», – деген пікір қалдырған.
Сонымен қатар басқа да желі қолданушылары «Төреғали көрсеткендей, шекарамыз сенімді бақылауда екен», «Біздің ұлттық спорт ойыны түрі бар – ол «ереже бұзу деп аталады. Және әншінің өзі ақымақ. Мұндай адамдарды өз ауыылмда көп кездестіргем», «Өздерін жұлдызбыз деп санайтын қазақстандық әншілер біздің елімізді ұятқа қалдырады. Халық алдында жүрген азаматтар керісінше, бізге дұрыс өнеге көрсету керек ғой. Өкінішті» деп әнші мен шекара қызметкерлерінің әрекеттеріне қатысты жағымсыз пікірлерін жарыса жазуда.