Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйелі мен балаларын көптің алдына шығармайтынын айтқан Төреғали алғаш рет отбасылық суретін жариялады

Әнші Төреғали Төреәлі бірнеше жыл бойы отбасын жасырып келіп, былтыр ғана дүркіретіп тойын жасап, заңды жұбайын елге таныстырды. Екі қызды тәрбиелеп отырған ерлі-зайыпты мұнан кейін үшінші рет ата-ана атанып, тағы бір қызды болған еді. Алайда Төреәлінің ұлы отбасылық өмірін көпшілік көзінен жасырын ұстайды, деп жазады Stan.kz.

Әйелі мен балаларын көптің алдына шығара бермейтін Төреғали алғаш рет отбасылық суретін жариялады

Былтыр ғана өткен үйлену тойында жұбайын көпшілікпен таныстырған әнші: «Жарымды барлық жерде өзіммен бірге алып жүрмеймін, осы жерде көріп, тілдесіп алыңыздар. Бірінші және соңғы көрсетуім», – деген еді. Ол өз сөзінде тұрды да. Осыған дейін Төреғали отбасын елдің алдына шығармады, тіпті, суреттерін желідегі парақшасында да жарияламаған-ды.

Алайда ендігі Төреш өнердегі өзге де әріптестері сияқты отбасылық өмірін көпшіліктен құпия ұстамауды ұйғарған сияқты. Себебі таядуа  желідегі парақшасында қызымен түскен суретін жариялаған еді.

Ал бұл жолы әнші жұбайымен және қызымен бірге түскен суреттерін жариялады. Алайда суретте нешінші перзенті екенін айтпады.

Әйелі мен балаларын көптің алдына шығара бермейтін Төреғали алғаш рет отбасылық суретін жариялады

Отбасы туралы сөз қозғамаған әнші жазбасында тек жүрек белгісін қалдырған.

Өз кезегінде желі қолданушылары әншінің отбасына сүйсініп, жары Толқынның сұлулығына тамсанып жатыр. Сондай-ақ, Томирис, Тоғжан, және Фатима есімді үш қызды тәрбиелеп отырған ерлі-зайыптыға бақыт тілесіп, ақжарма тілектерін жаудыруда.

Еске сала кетейік, Төреғалидің жары Толқын сайтымыздың тілшісіне берген сұхбатында өзі, отбасы жайлы толық айтып берген еді.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау