17 жыл бірге тұрған әйел күйеуінің жасырын үйленіп алғанын Фейсбуктан білген
Британиялық әйел күйеуінің көзіне шөп салғанын оның әлеуметтік желідегі парақшасынан біліп қояды. Онда ол неке қию рәсімінің суреттерін салған. Әйелін алдағаны үшін ер адам түрмеге жабылды.

Бұл туралы liveinet.com сайты хабарлайды.
Британиялық әйел күйеуінің Фейсбуктағы парақшасына кіріп, таңқалдырарлық жаңалыққа кез болады. Ол сол жерден өз күйеуінің заңды түрдегі екінші әйелі бар екенін біледі. 55 жастағы Ивонна Гибней 49 жастағы күйеуінің басқа әйелге үйленіп, сол үшін 72 мың доллар ақша жұмсағанын біліп қойған.
Әйелді күйеуінің ашықтан-ашық жаңа әйелімен түскен суреттерін әлеуметтік желіге жариялағаны тіпті жүйкесіне тиді. Қатты ашуланған ол күйеуін сотқа берген. Осылайша Морис Гибни бірінші әйелімен қарым-қатынасын үзбей-ақ екінші рет үйленіп алмақшы болғаны үшін жауапқа тартылатын болды.
Сотта әйелі олардың 17 жылдан бері бірге келе жатқанын айтты.
Ақыры сот Гибниді алты ай түрмеде отыруға үкім шығарды.
Алматы билігі Үлкен Алматы көліне апаратын жаяу жүргіншілер жолына 500 миллион теңге жұмсамақ
2023 жылы тамызда жолдың такси қызметі үшін ашылуы қоғамда наразылық туғызды
"Қазақ тілі тестінен өту қиын болып кеткен": Өзбекстаннан келген қандастар азаматтық бермей жатқанына шағымданды
Қандас: "Азаматтық алуды квотамен тікелей байланыстырмаса екен"