Әйелді улы жыландармен қорқытып, зорлап тастаған ер адам аяқ астынан қайтыс болды

Қытайда ер адам әйелді улы жыландармен қорқытып, зорлап тастаған. Мұнан кейін өзін жылан шағып алып, қайтыс болып кетіпті.

Әйелді улы жыландармен қорқытып, зорлап тастаған ер адам аяқ астынан қайтыс болды

Бұл туралы The Mirror басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Оқиға 31 қарашада Фучжоу қаласында орын алған. Полицияға шағымданған әйел ер адамның өзін мейманхананың бөлмесіне алдып кіргізіп, үш улы жыланды көрсетіп қорқытып, зорлап тастағанын айтқан.

Мұнан кейін әйел полицейлерге шағымдануға кеткен. Ал ер адам жуынатын бөлмеге кіріп алып, жыландармен ойнаған.

Артынша меймахнаға келген полицейлер ер адамның төсекте өліп жатқанын көріпті. Оның денесінен жыланның шаққан ізі анықталды. Хабарланғандай, ер адам жедел жәрдемге қоңырау шалмаған.

Белгілі болғандай, улы жыландардың бірі бөлмеден шығып кеткен. Полицейлерге оны іздеуге тура келді. Жыландардың ішінде оңтүстік қытайлық көп жолақиы крайт жыланы болған. Оның уы адам өмірі үшін өте қауіпті.

Полицейлер әйелдің зорлануына қатысты іс қозғады. Тергеу кезінде мейманхана жабық болады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
12.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар