Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел пәтер үшін қайтыс болған ер адамға тұрмысқа шыққан

Уфа тұрғыны қайтыс болған бөгде адамның үйін иеленіп алып үшін, өзін марқұмның әйелімін деп жариялады. Ол марқұммен таныс болмаған екен.

Әйел пәтер үшін қайтыс болған ер адамға тұрмысқа шыққан

Бұл туралы Башқұртсан республикалық прокуратурасының сайтына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

Прокуратура мәліметінше, оқиға 2017 жылы орын алған. Егде жастағы ер адам қайтыс болғаннан кейін оның Уфаның орталығындағы бір бөлмелі пәтері бос тұрғанын білген әйел марқұмның артында ұрпағы қалмаған деген тұжырым жасаған. Мұнан кейін ол өтірік неке куәлігін жасатып алып, марқұмның мұрагері болу үшін сотқа жүгінген.

Сот оның өтінішін қарап, бұған дейін марқұмның қарындасы мұрагер ретінде танылғанын анықтады. Сонымен қатар  АХАЖ-ға сауал жіберіліп, ондағалыр марқұм мен куәлкті ұсынған әйелдің некеге тұрмағанын көрсетті. Нәтижесінде әйел аса қомақты көлемде алаяқтық жасамақ болды деп айыпталды.

2019 жылдың 13 наурызыеда қалалық прокуратура айыптау қорытындысын бекітіп, іс сотқа жіберілді. Неке туралы куәлікті берген қызметкерлерге қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау