Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел қайтыс болған ұлының ұрығын пайдаланып, әже атанды

Осыдан екі жыл бұрын ұлы қатерлі ісік дертіне шалдыққан соң, бұл әйелдің өмірі күрт өзгерді. Жалғызынан айырылып қалмау үшін барын салған ананың үміті күн өткен сайын үзіле берді. Себебі ем-дом оңды әсер бермегенімен қоймай, дәрігерлердің де болжамы көңіл көншітпеді.

Бұл туралы The Hindu-ға сілтеп Stan.kz хабарлайды.

Алайда бүгінде оның қуанышында шек жоқ. Ұлынан айырылып қалғанымен, ол таяуда ғана егіздердің әжесі атанды. Ұл мен қыз суррогаттық жолмен дүниеге келді. 

Пуна (Үндістан) дәрігерлері Пратамс Патильдің Германияда сақталған ұрығын алып, оны суррогат ананың жатырына ұрық салды. Жүктілік кезеңі сәтті өтіп, ақырында суррогат ана әйелге егіз ұл мен қыз туып берді.

Анасының айтуынша, 2010 жылы ұлы Германияға магистр дәрежесін алу үшін оқуға аттанған. Алайда көп ұзамай оның миынан ісік табылып, рак ауруына душар болғаны анықталған.

“Бұл біздің отбасымыз үшін күтпеген жағдай болды. Германиядағы мамандар химиотерапия курсын бастауды ұсынды. Сондай-ақ, емделгеннен кейін ыңғайсыз жағдайға қалмас үшін ұрығын сақтап қоюға кеңес берген де солар”, – дейді жігіттің анасы Раджашри Патил.

Жігіт бірнеше жыл Германияда, кейін өз Отанында емделген. Алайда 2016 жылы ол көз жұмған-ды. Бұдан кейін анасы Германиядағы ұрық банкіне хабарласып, ұлының ұрығын елге алдыртқан. Көп күтпестен оны ЭКО орталығына апарып, егіздердің әжесі атанып отыр.

Жіберіп алмаңыз:

Төреші тоғыз футболшыны ойыннан аластатып, ойыншы жетіспегендіктен матчты тоқтатты

Қатігез бала күтушінің сәбиді аяусыз ұрып жатқаны бақылау камерасына түсіп қалған (видео)

Танымал әнші жолында кездескен адамдарға миллион доллар таратып берді (фото)

Фильмде ерлі-зайыптылардың рөлін сомдаған достар 13 жылдан кейін отбасын құрды

Талқылау