Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел болып киініп, хайп қуған: Баян Алагөзованың “Алау” тобы қатал сынға ұшырады (видео)

“Хайп” жасап, желіде қаралым жинау – заманауи орындаушылардың бірінші мақсатына айналған. Иә, бүгінгінің әртістері ел назарын аудару үшін Байзақова сынды қыздарды бейнеклипке түсіріп, тіпті өздері де жартылай жалаңаш күйде ел алдына шығудан тайсалмайтын болған. Ал енді бірі әйелше киініп, сайқымазақ болудан арланбайды, – деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Әйел болып киініп, хайп қуған: Баян Алагөзованың "Алау" тобы қатал сынға ұшырады (видео)

Баян Алагөзованың қарамағындағы “Алау” тобы да хайп қуып жүргендердің қатарына қосылған ұқсайды. Топтың соңғы шыққан “Енді тыңда” бейнебаянына қарап, бұлай демеске амалымыз жоқ.
Бейнеклипте төрт жігіт біресе ақылынан алжасқан адамның, біресе әйелдің, біресе жолбарыстың, ал енді біресе сәбидің кейпіне енеді. Түсініксіз бейнебаянды желі қолданушылары да сынауда.

“Мынаған қарағанда “Жас май өнивөрс” түсініктірек қой”, – деп жазады тыңдармандардың бірі.

“Тыңдайын десең өлең сұмдық, көрейін десең бейнебаян түсініксіз”, – дейді екіншісі.

“Меніңше, жігіттер қазіргі адамдардың мағынасыз әндерді жиі тыңдайтынын жеткізгісі келген. Міне, сендерге түкке тұрғысыз ән деп тұрған сияқты. Бірақ жігіттер, бұл сендердікі емес. Жап-жақсы әндерің бар еді. Тек креативті музыкамен, орындау шеберлігімен таңғалдыру керек еді. Өз-өзін жоғалтып, Qpop-тың айналасында бірдеңе жасаған әртіске айналмай. Мына біртүрлі клипке қарасам, іш пысқаннан естерің алжасқан сияқты. Сәттілік, таланттарың әлі де болса мойындалады деп сенемін”, – деп кеңесін берді үшінші бір тыңдарман.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау