Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айдай Исаева отбасы бақытын сақтап қалудың құпияларымен бөлісті

“Қазақстан аруы-2013” Айдай Исаева ешнәрсенің оңай келмейтінін айтып, отбасылық өмірдің бақытын сақтап қалу жолдарымен бөлісті.

image

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Отбасы болған соң ыдыс-аяқтың сылдырламай тұрмайтыны рас. Алайда мұндай қиындықтарды еліміздің ең сұлу аруларының бірі Айдай Исаева жеңе білген тәрізді.

“Отбасылық бақыт өздігінен келмейді. Некенің сәтті болуы адамдарға байланысты. Қол ұстасуға, күнінен бір рет болмасын “Мен сені сүйемін” деп айтуға еш уақытта кеш емес. Қамқорлық бал айымен аяқталып қоймай, өмір бойы жалғасуы тиіс”, – деп ғашық жандарды махаббатты әрдайым қадірлей білуге шақырды.

0

Бұдан өзге “Өмір атты ұзақ жолда бірге жүру. Бір-бірлеріміз үшін отбасының берекесін кіргізетіндей махаббат бөле білу керек. Алғыс пен ризашылықты жеткізудің де маңызы зор. Мәселе дұрыс адам тауып, оған үйленуде емес. Өмірдің мәні қосағыңа керек бола білуде. Менің махаббатым – менің қорғаным, менің күшім”, – деп Айдай Исаева жүрегіндегі үзік сырымен бөлісті.

8

Естеріңізге сала кетсек, Айдай Исаева 2015 жылы жиырма бес жасында Мақсат есімді азаматқа тұрмысқа шыққан болатын. Екеуі кездейсоқ отырыстардың бірінде танысып, үш жыл жүрген. Артынша тойларын Алматы қаласының көрікті мейрамханаларының бірінде өткізеді. Алғашқы перзенттері әлі бір жасқа толмады.

Талқылау