Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айдарбекова: Қайрат орысша ән айта алмайтын “мамбет” дегендер аз болған жоқ

10 жыл бойы тұңғышы Қайратты елдің көзінен де, сөзінен де қорғап келген Гүлзира Айдарбекованың мойнына жүктелген жауапкершілігі арта түсті. Танымал продюсер бүгінде Қайратты ғана емес, кіші ұлы Заңғарды, келіні Жұлдыз бен немерелерін алып-қашпа әңгімелерден қорғап әлек. Бұл жолы Гүлзира Үсенқызы Қайрат пен Заңғардың орысша әнін сынағандарға жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Қайрат Нұртас

“Былай тартсаң өгіз өледі, былай тартсаң арба сынады” демекші, 12 жыл бойына, жастар шет елдің әндеріне ағыс алып кетпесін, қазақы болмысымыздан алшақтамасын, сол қазақшылығымызды сақтап та талай биіктерді бағындыруға болатынын дәріптеп, жастарға үлгі болсын деген ниетпен, талай асуларды Қайроштарыңыздың бағындырғанына куәсіздер. Бірақ, орысша айта алмайды, мамбет деген мысқылдар да аз болған жоқ. Продюсері өз анасы мен болғандықтан, өзінен бұрын менің жүрегіме салмақ түсіп жатқаны талай рет Қайратымның жүрегін қан жылатқаны маған да оңай болған жоқ.

“Күндестің күні қоңырау, соңымнан еріп әлі жүр” деп әніне қосып айтып та жүрді, әрине ол әнге мән беріп ойларын өзгертсе жақсы күншілдердің”, – дейді Айдарбекова.

Продюсердің айтуынша, бұған дейін Қайратты орысша сөйлей алмайды деп мазақ қылғандар енді оның әніне тиісе бастапты.

“Ал енді орысша айтып еді, неге орысша айтады деп, ренжіп отырғандар да бар. Қайтсек, көңілдеріңізді табамыз?! Саxна болғандықтан арасында айтып жатса ештеңе етпес. Себебі: Ресейдің біраз жерлері шақырту жасап, дайындалып жатқан жайымыз да бар”, – деп түсіндірді ол.

Сондай-ақ, Қайрат Нұртастың анасы алдағы жоспарларымен де бөлісті.

“Ал қаракөз жеткіншектерімізге жол көрсетіп, қазақи бағыттарға жетелеуге біраз жоспарларымыз да жоқ емес. Шамамыз жетіп жатса, алдағы уақытта Қайратымыз деп осы уақытқа дейін қолдау көрсеткен xалқымыздың жеткіншектеріне саxна төріне шығуларына біраз іс-шаралар жасасақ деген үмітіміз бар”, – деді ол.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova)

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау