Айдана Меденова “сұлулығы жасанды” деп сынағандарға жауап берді
Айдана Меденова еліміздегі ең сұлу бикештердің бірі саналады. Десе де өнер иесінің табиғи әдемілігіне күмән келтіретіндер көп көрінеді. Бұл орайда КешYou тобының экс-әншісі өзін сынағандарға жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
“Күннің аяқталуына қарай менен бір жақсы сурет болсын. Бірақ сіздер міндетті түрде бір мін табасыздар ғой. Біресе шашым өзімдікі емес, көзім де табиғи емес, т.б. Біреуге бірдеңе дәлелдеуге уақытым жоқ. Тек әдеттегідей сіздерге жақсылық пен қайырлы түн тілегім келіп отыр. Шашым да, көзім де, бәрі де өзімдікі. Жалпы үнемі шаш жалғауға ерінемін, көзге ота жасатуға мүлдем қорқамын”, – дейді Айдана.
Желі қолданушылары Меденоваға қолдау білдіріп, жағымсыз пікір иелеріне мән бермеуге шақырды.
“Мән бермей өте шығыңыз. Олар сізге қызғанышпен қарайды. Керісінше ел назарынан тыс қалмағаныңыз үшін қуаныңыз. Ең бастысы, үнемі жұрттың назарындасыз”, – дейді Айым Шәріпова есімді оқырман.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Талқылау

"Суды артық пайдаланса, тариф 30% қымбаттайды": Қазақстандықтар су нормасы туралы жаңа ережеге қарсы шықты
Министрліктің мәліметінше, бұған дейін әр өңірде су бағасы әртүрлі есептелген

Астаналық әйел тірі ұлын "өлтіріп", 100-ге жуық әріптесінен ақша жинаған
Жәбірленуші: "Гүлмира Ашимов Ұлттық ұландағы подполковниктің әйелі"