Айдана Меденова Кореяда жүлдеге ие болды (фото, видео)
Әнші Айдана Меденова Face of Asia 2018 фестиваліне қатысу үшін Оңтүстік Кореяға барған. Ол Корея халқын өнерімен тәнті етіп, жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Stan.kz.
Бұл туралы әншінің күйеуі әрі продюсері Әлішер Нұржанов Instagram парақшасында хабарлады.
«Менің әйелім – сұлу әрі дарынды, жалғыз әрі қайталанбайтын адам. Сені құттықтаймын», – деп жазды Әлішер Нұржанов.
Десе де әншінің қандай жүлде алғаны белгісіз.
Бұған дейін Меденова аталған өнер кешіне өзін арнайы шақырғанын айтқан еді.
Сондай-ақ, Меденова Сеулде өзін модель ретінде көрсетіп, «Азиада модельдерінің сыйлығы – 2018» жобасының қызыл кілемі мен фотоқабырғасын таныстырған.
Оқи отырыңыз:
Димаш Құдайберген Канн кинофестивалі аясындағы қазақ кешінде ән шырқайтын болды
Әйелдерді бағалы тасқа теңеген Ләйлә Сұлтанқызы өз «зергерін» дұрыс таңдауға кеңес берді
Тиматиді аузына қаратқан қазақ әншісі ресейлік шоуда Шымкент туралы ән орындады (видео)
Қайрат Нұртастың анасы: Біздің келіндерде кетіп қалу деген жоқ, кеткісі келсе біржола жібереміз