Айдана Меденова ерекше стильдегі бейнебаянымен тыңдарманын қуантты (видео)
Айдана Меденова көптен бері “Тәтті дауыс” атты ерекше туындысы жайлы айтып жүр. Өнер иесі дәл бүгін жарыққа шыққан бейнеклипін асыға күткен. Себебі образы мен стилімен тәжірибе жасағанды ұнататын әнші бұл жолы тіптен бөлек жанрда ән салған, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“Тәтті дауыс” әнін Айдана отандық музыкалық фестивальдердің бірінде орындады. Сол күні-ақ, “Айданаторлар” (Айдананың фанаттары) аталған әнге қызығушылық танытып, бейнеклиптің жарыққа шығуын тағатсыздана күтті.
Аталған әнбаянда Меденовамен бірге басты рөлді тележүргізуші Нұрсұлтан Есжан сомдаған. Әдетте Айдана бейнеклиптерінде өзіне ғашық жігіттерді көрсетеді. Бұл жолы керісінше. Айдана еден жуушы жігітке ғашық болып қалады.
Фанаттар армиясы Айдананың жаңа туындысына “ерекше” деп баға беруде.
“Осындай клиптер көп болсын”, “Ізденістен шаршамаңыз”, – деп қолдау білдірді олар.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр