"Айдалаға апарып, басыма қару тақады": Түркістан облысында қиянат көрген үш қыздың анасы оларды неге тастап кеткен
Түркістан облысында үш қыздың оқиғасы ел аузында қызу талқыда. Оқиғаға қатысты түрлі деректер айтылып, істің беті ашыла батады. Осы ретте заңгер Айгүл Орынбек үш қыздың туған анасымен тілдесті.
Сурет: "Еуразия бірінші арнасы"/ скриншот
Айгүл Орынбек Facebook желісінде тікелей эфирге шығып, үш қыздың анасымен сөйлесті. Қыздардың анасы отбасынан не себепті кеткенін баяндап берді.
"Мен өз отбасымнан өз еркіммен кеткен жоқпын. Күйеуім екеуміз 2002 жылы үйленгенбіз. 4 жылдан соң ол теріс салафиттік ағымға кіре бастады. Сақалдылар жұма сайын үйге жиналатын. Мені қыздарыммен бірге бөлмеге қамап қоятын. Барлық ісіме көңілі толмады. Ұрып-соға бастады. Қыздарына да қол көтеретін болған. Мені айдалаға апарып, басыма қару кезеніп қорқытты. Мен қыздарымды тастаған жоқпын, мені үйден қуып шықты. Кетуге мәжбүр болдым. Күйеуім туыстарымды өзі секілді сақалдылармен атып кететінін айтты", - дейді қыздардың анасы.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады
.jpg)