“Аянышты пендесіңдер”: Нұртас Айдарбеков ұлын сынағандарға жауап берді
Жақында 30 жасқа толған Қайрат Нұртасқа екі інісі қымбат автокөлік тарту еткен болатын. Сондай-ақ, әлеуметтік желіде Нұртасұлының уыстап ақша шашқан видеосы тараған. Аста-төк өмірін жиі көрсететін хитменге көпшілік жағымсыз пікірлерді жаудырған. Бұл ретте ұлын сынағандарға Нұртас Айдарбеков жауап берді, деп жазады Stan.kz.

“Алла баршаңызға ғұмыр берсін. Ал мына ойланбай жаман пікір білдірген пенделерге Алла сабыр берсін дегім келеді, бұл адамдарды дүниеге әкелген аналарына жаным ашиды. Өмірден ешнәрсеге қол жеткізе алмай, алақан жайып туылғандарына қарным ашады.
Бір жігіт менің ұлымдай-ақ қайырымдылық жасасын. Бүкіл қазақтың мәселесін Қайрат түгілі, өкімет шеше алмай отыр. Өте аянышты пендесіңдер”, – дейді Нұртас Айдарбеков.
Айта кетейік, Гүлзира Айдарбекова сайтымыздың тілшісіне берген сұхбатында “Қайраттың ақшасына бүкіл отбасын асырап отыр” дегендерге жауап берген еді.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
Намаз оқып, қызды салауатпен ұзатқан: Қазақстандықтар арасында тойдағы әрекет талқыға түсті (видео)
Жаңаөзендегі тойда дәстүрлі ән мен биге басымдық берілмеген
"Домбыра – харам, Наурызды тойлауға болмайды": Қоғамды дүрліктірген діни уағыздар және оған ҚМДБ не дейді
ҚМДБ өкілдері дінді насихаттауда шектен шықпауға шақырды