Аялаға 9 ай: Қарақат Әбілдина қызының меншікті мерекесін атап өтті (фото, видео)

Болмановтар әулетіндегі көптен күткен қуаныш міне, 9 айдан бері тойланып келеді! Иә, Қарақат Әбілдинаның кенжесі күні кеше кезекті рет “туған күнін” атап өтті, деп жазады Stan.kz.

Аяла Қыдырәліқызының 9 айға толуына орай кіндік шешесі ақ дастархан жайып, қонақ күтті. Бұл туралы Әбілдинаның өзі Instagram парақшасында хабарлады.

Қарақаттың кішігірім қуанышына Алтынай Жорабаева, Тамара Асар, Индира Расылхан, Айнұр Тұрсынбаева сынды бірқатар танымал бикештер ортақтасты.

“Ай сайын өсіп келе жатқан құлыншағымның қуанышында, кіндік шешесі – Ақжарқын досымның арнайы жайған ақ дастарxанында, ақ ниетті достарымызбен”, – деп бөлісті ол желіде.

Томпағым 9 айға толған күн❤️

Публикация от @ karakat_a

Желідегілер Аяланың өсіп қалғанын айтып, сүйсінуде.

“Қызыңыз өсіп қалыпты, МашАллах”, “Тіл-көден аман болсын”, “Томпағыңыздың тек қуанышты қызықшылығын көріңіздер. Ана арман, тілегіңіз қабыл болсын. Қыз татулық жанашырлық бірлік жылулық сұлулық мейірімділік бір сөзбен түйіндегенде анасының ең жақын періштесі сияқты маған”, – деп ақ тілегін жолдады инста-оқырмандар.

Айта кетейік, Қыдырәлі мен Қарақат мамыр айында Аяланың тұсаукесер тойын дүркіретіп өткізбекші.

Жіберіп алмаңыз:

Ән кешіне креативті шақырту жасаған Сәкен Майғазиев желіні шулатты (видео)

Саунада ән айтсын онда: Белгілі композитор той әншілерін сахнаға шығармауды ұсынды

Қайраттың құпиясы: Айдарбекова ұлын таныту үшін қандай амал-айлаға баратынын айтты

Шоқан Маратұлы “есеппен үйленген” деп сынағандарға жауап берді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
20.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар