Қос аяғынан айрылған қытайлық дәрігер 15 жылдан бері ауыл аралап адам емдейді (фото)

Сәрсенбі, 6 Сәуір , 2016 10:58

Қытайда тұратын Ли Йухонг төрт жасында жол апатының кесірінен екі аяғынан да айырылған. Жасы сегізге келгенде қолдарын сүйеп ағаштан жасалған отырғыш көмегімен жүруді үйрене бастаған. Қазір жасы 37-ге келген Ли 15 жылдан бері ауылындағы емделушілердің жағдайын жасап жүр.

ымым

Бұл туралы komtv.org хабарлайды.

Ли Йухонг қан қысымды өлшейді. Дәрігер болған 15 жылдан бері өзінің ағаш отырғыштары арқылы жақын маңдағы емделушілердің бәріне барады.

china-doctor-02-1

Ол бала кезінде-ақ қос аяғынан айырылып, тағдырдың тәлкегіне ұшырағанына қарамастан дәрігер болуды армандап мақсатына жетуді көздеген.

china-doctor-01

Ақыры оқуға түсу үшін өз ауылынан кетіп, медициналық колледжге түсіп оны 2000 жылы бітіріп шығады. Бір жылдан соң ауылында дәрігер болып жұмыс істей бастайды.

china-doctor-08

Ол елдің оңтүстік-батысындағы Вадиан атты ауылда тұрады. Өзгелер оны батыр санаса да, ол өзін қарапайым ұстап жұмысын беріліп істейді.

china-doctor-05

Әрине, жүріп-тұру оңайға түспейді, бірақ, өзінің өзгелерге керек екенін сезінгенде бәрін ұмытып кетеді.

china-doctor-11

Ли Ксинг есімді өз ауылының жігітіне тұрмысқа шыққан. Ксинг тіпті өз жұмысын тастап, қазір толықтай Лидің қасында болып, оған көмектеседі.

china-doctor-04

Тіпті Лиді көрші ауылдардағы емделушілерге де апарып қайтады.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар