Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Аяқ киімнен шыққан сасық иістің кесірінен автобус аударылып қалды
Кенияда автобус бәтеңкеден шыққан жағымсыз иістің кесірінен аударылып қалды.

Бұл туралы The Star басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Куәгерлердің сөзінше, Найробиге бара жатқан автобус жолдан шығып кетіп, аударылып қалған. Салдарынан 42 жолаушы, оның ішінде 11 бала түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Апат салдарынан бір адам көз жұмды. Сондай-ақ, екі адам ауыр халде жатыр.
Жүргізуші мен бақылаушы оқиға орнынан қашып кеткен. Оларды полиция іздестіріп жатыр.
Зардап шеккендердің бірінің сөзінше, апат алдында автобус жүргізушісі бәтеңкеден шыққан жағымсыз иіс үшін механикпен ұрысып қалған.
«Автобус механигі жүргізушіге бәтеңкесін иіскетті. Бұл мен көрген соңғы нәрсе болды. Қатты соғылған дыбыс шықты. Мұнан кейін мен ауруханада ояндым», – дейді ол.
"8 наурызды тойламаймын": Қазақстандық әйелдер атаулы мерекеден не үшін бас тартқандарын айтты
Қазастандық: "Үйде де, жұмыста да, көшеде де қор болып, зәбір көретін – әйел"
"Жеті атаны білеміз, жеті апаны ше": Қазақстандықтар әйелдерді шежіруге қосуды ұсынды
Этнограф: "Шежіреге қыздар жазылмайтын болса, ру аттары неге әйел атымен аталған?"