Аяғы жоқ бала ауруханада билеп атағы шықты (видео)
Ауғанстаннан шыққан бес жасар бала Ахмад Рахман өзінің оң аяғындағы протезді алғаннан кейін би билеп, әлеуметтік желілерде танымал болды.
Рахман Кабулда орналасқан ортопедиялық орталықта биледі. Бірнеше сағат ішінде оның өнеріне 12 мыңнан астам пікір жазылған.
Бала 8 айлық кезінде Талибан қозғалысы мен үкімет арасындағы қарулы қақтығыстар кезінде мина басып кетіп аяғынан айырылды. Сонымен қоса оның әпкелерінің біреуі де ауыр жарақаттанған.
2018 жылдың наурыз айында дәрігердің қателігінен аяғынан айырылған модель Розалина Октавия қайта подиумға шығып, қайырымдылық ұйымының елшісі болды.
Шошқа тұмауы адамға несімен қауіпті және жұқтырған жағдайда не істеу керек
Дәрігер: "Қызу көтеріліп, бұлшықеттер мен буындардың ауырады"
"Танысым да, жұмысым да болған жоқ": Катарда 300-ге жуық маманды басқарып отырған қазақ жетістікке қалай жеткенін айтты
Сонымен қатар ол бөлшек сақтандыру бизнесінің вице-президенті