Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Автокөлік иесі ұрылардан қорғанудың тың тәсілін тапты (фото)

Көлігімізді ешкім ұрламасын деп түрлі тәсіл қолданамыз.  Шетелде Volkswagen Transporter көлігінің иесі ұрылардан сақтану үшін ерекше амалға барған. Volkswagen Transporter иесі бұл өзгерістен кейін ұрылардың көлігіне мүлдем жоламайтынына сенімді.

Бұл туралы bigpicture.ru-ға сілтеп Stan.kz хабарлайды.

Көлігін ұрылардан қорғау мақсатында заманауи винил пленкасына тапсырыс берген.

Тот басқан сурет бейнеленген пленканы жап-жаңа көлігіңізге жапсырып қойсаңыз, темір тұлпарыңызды ешкім ұрлай қоймас.

Осындай мұқабаны жасау үшін көлік иесі суретшілерге темір тұлпарының нақты өлшемдерін берген. Ал, суретшілер соған сәйкес тот басқан суретті әзірлеген.

Суретшілер тіпті көліктің ең кішкентай бөлшектерін де ескере отырып, ұсақ-түйектерге дейін мән бергендерін айтады.

Дегенмен, мұндай тот басқан көлік полиция назарына іліккен. Көлік иесі ұзақ уақыт бойы оның тек тоттың суреті бейнеленген қағаз екенін түсіндірумен болды.

Шынында да, бұл көліктің сұрқы кез-келген адамды шатастыруы мүмкін. Ең бастысы, ұрылардың көзіне ілінбесе болғаны.

Жіберіп алмаңыз:

Ғалымдар маймылға адам ұрығын салып будандастырған

Жапонияда өздігінен жүретін аяқ киім жасап шығарылды (видео)

Бір топ дельфин бойжеткеннің протезіне қызығып қалды (видео)

Қалыңдық өз тойына кешігіп, тұрмысқа шықпай қалды

 

 

 

Талқылау