Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Австрияда неміс азаматы әйелінің басына бетон құйып өлтіріп, өзі суға кетті

Германия тұрғыны өзінің әйелін буындырып,  денесін бөлшектеп, басына цемент құйып, кейін өзі суға кетіп өлген

namore

Бұл туралы Би-би-си австриялық полицияға сілтеме жасап.

Қаза тапқандардың есімдері аталмады – ер адам 72 жаста, ал оның әйелі 71 жаста болғаны және екеуі де  Франкфурт тұрғыны екені белгілі.

Тергеу жексенбі күні Зальцбургтен шығысқа қарай 80 км жерде Траунзее көлінің маңынан адамдардың бірі әйел денесінің бөлшектері болған чемоданды байқағаннан кейін басталды.  Сол күні полиция иті әйел денесінің бөлшектері салынған екінші чемоданды тапты.

Бір тәуліктен кейін суда 5 метрлік тереңдіктен қолына ішінде тас болған қапшықтар байланған ер адамның мәйіті табылды.

Ер адамда жарақат болмағандықтан, прокуратура ол өз-өзіне қол жұмсады деп есептейді.

Сейсенбі күні полиция көлдің түбінен әйелдің бетон құйылған басын тапқанын хабарлады.

Тергеушілердің пікірінше, әйел буындырылып өлтірілді. Қылмыс, болжам бойынша, 25 желтоқсан мен 1 қаңтар аралығында жасалған.

Талқылау