Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Австралиялық кісі өлтіргіш қылмыскер пілдердің тамағын ұрлап зообақта жасырынған

Әйгілі австралиялық кісі өлтіргіш жеті жыл бойы қашқында жүрген уақытта зообақта өмір сүріпті. Ол жануарларға берілетін азықтарды ұрлап күнелткен.

CUOxbIfl

Бұл туралы Daily Mail хабарлайды.

Малькольм Наден Жаңа Оңтүстік Уэльстегі зообақта жасырынған жылдар ішінде тасбақамен қоректеніп, пілдердің бананын ұрлап, жануарлар торының шатырында түнеп жүрген. Оның бұл басынан кешкен өмірі туралы “Жалдамалы” деген атпен кітап та шыққан.

Онда зообақ аумағында өмір сүрген “қаңғыбасты” ұстауға тырысқан күзетшінің жұмысы сөз болады. Ол өзге қызметкерлердің тамақтарының жоғалып кете бастағанын байқайды. Ал оның қалдықтары зообақ аумағынан табылған. Сосын аумақтан қуырылған тауықтардың қалдығы да табыла бастайды.

Тасбақалар торынан белгісіз ер адамның қашып бара жатқанын ветеринарлар да көріп қалыпты. Ал оны ақыры тұтқындаған кезде оның әйгілі қылмыскер екені анықталады. Ол өзінің екі туысын өлтіргені үшін 15 және 20 жылға сотталған екен.

Оқи отырыңыз:

Қытай жігіт өз қолымен суперкар құрастырып шықты (фото)

Швейцарияда мұздықтан 75 жыл бұрын жоғалып кеткен ерлі-зайыпты жұп табылды (фото)

Дәрігерлер суға батып, 2 ай комада жатқан қыздың миын қалпына келтірді (фото, видео)

Танымал үндістандық тележүргізуші үстіне пальма ағашы құлап кетіп көз жұмды (видео)

Талқылау