Австралиялық “бесемнің” суреттері көпшілікті елжіретіп жіберді (фото)
Ким мен Вон Туккидің 2016 жылдың қаңтар айында 5 егіз сәбиі өмірге келген еді. Егіздердің бірі Кит есімді ұл, қалған төртеуі Эли, Пенелопа, Тиффани және Беатрикс атты қыз балалар.
Бұл туралы bigpicture.ru хабарлайды.
Бірінші некеден 9 жастағы ұлы бар Ким 5 балаға бір уақытта қалай күтім жасайтынын айтып берді.
Ким Тукки 5 нәрестені күтіп, өмір сүруге бейімделе алмай кеткен кездері жуынатын бөлмеге кіріп алып, жылайтынын жасырмады.
Ерлі-зайыптылар аптасына 350 жаялықты тазалап, күніне әр сәбиді 8 рет тамақтандырады. Алайда, олар бала күтімінің қиындығына қарамастан, өздерінің бақытты екенін айтады.
«Мен бұлай болады деп ешқашан ойламаппын. Менің өзіме көңілім толған кезім осы шығар», – дейді 5 баланың анасы.
1 келіден астам салмақпен туылған нәрестелер бастапқыда жансақтау бөлімінде жатқызылған.
Бұл отбасыға туыстары мен ерікті адамдар қол ұшын беріп, тамақтандырып, жаялықтарын ауыстыруға көмектесіп тұрады.
Ким жүктілік кезінде арқасының ауыратынын, жүрегі айнып, салмағы артқанын жиі жазып тұрған.
Go Fund Me сайтының қолданушылары Тукки отбасына балаларымен бірге саяхат жасай алуы үшін 9 орынды көлік алып беруге қаражат жинастырып жатыр.

"Алдағы 10 жылда мұнай қоры таусылады": Сарапшылар "қара алтынсыз" Қазақстанның болашағы қандай боларын болжады
