Австралиядағы ең семіз баланың салмағы 178 келіге жетті
Австралияның Квинсленд штатында тұратын тоғыз жастағы семіз баланың салмағы 178 келіге жетті.

Бұл туралы Daily Mail хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Салмағы 178 келі болатын бала кішкентай кезінен бастап семіздікке бейімделе бастаған. Ол алты жасқа келгенде оның салмағы шамамен жүз келіге жеткен.
Жеті жасында оның дене салмағының көрсеткіші 50 болды, ал бұл семіздіктің ең шегі болатын.
Әлемдегі ең семіз индонезиялық Аря Перманамен салыстыратын 9 жасар баланың денсаулығы үшін Австралияның ең үздік деген дәрігерлері жұмыс істеуде. Ол жоғары қан қысымымен және 2 типті қант диабетінен зардап шегеді.
Айта кетейік, бұған дейін әлемдегі ең семіз баланың 65 келі салмақ тастағаны туралы хабарлаған болатынбыз.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен