Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Австралияда бір қаланы өрмекшілер басып алды (видео)

Австралиядағы Лонсестон қаласы екі қиын жағдайды бастан кешіруде. Бірі – қалада су тасқыны орын алса, екінші жағдай – шаһарды өрмекшілер басып алды.

ьти

Лонсестон Австралияға тиесілі Тасмания аралының солтүстік-шығысында орналасқан. Бұл жердегі Норт-Эск және Саут-Эск өзендерінің суы Теймар өзеніне қосылады да, Басса бұғазына құйылады. Осы себепті жиі-жиі су тасқыны орын алады. Тасқынның ең үлкені 1929 жылы болған. Ол кезде жиырма шақты адам қайтыс болып, екі мыңдай үй, көптеген автомагистралдар, көпірлер мен теміржол бекеттері айтарлықтай зардап шегіп, қызметтерін тоқтатқан.

2016 жылы 7 маусымда Лонсестон тұрғындарының тасқын кесірінен тағы да әбігерге түсуіне тура келді. Инфрақұрылымдық нысандар бүлініп, тағы бірнеше адам көз жұмған. Бұл соңғы 42 жылдағы ең ірі су тасқыны ретінде тіркелді.

Табиғи апатпен қатар тұрғындардың тағы бір қиындықпен қатар күресуіне тура келді: қала төңірегін бірнеше миллион өрмекшілердің әсерінен үлкен тор шырмап алған. Қала тұрғындарының бірінің айтуынша сол сәтті түсіріп алу үшін ол бейнекамерасын дайындап үлгере алмай қалыпты.

Ғалымдар өрмекшілердің бұлайша пайда болуын заңдылық деп санайды. Адамдар секілді олар да су тасқынынан қашып, қауіпсіз жер іздеген. Олардың кейбірі құрғақ жерлерге жетіп те алыпты. Ал біразы желдің әсерінен зардап шеккен аумақтарға ұшып кеткен.

Талқылау