Аузынан көбік ақты: Модель подиумда құлағаннан кейін қайтыс болды
Сан-Пауло сән апталығындағы сән көрсетіліміне қатысқан модель Талес Соарес подиумда құлағаннан кейін қайтыс болды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Шараны ұйымдастырушылардың хабарлауынша, модель Ocksa брендін көрсетіп жатқан кезде құлап қалған. Ол аяқ киімінің бауына шалынып құлаған болуы мүмкін деген болжам жасалуда.
Модель құлап қалған кезде алдымен көрермендер бұны көрсетілімнің бір бөлігі ретінде қабылдаған екен. Алайда, кейінірек жас жігіт селкілдеп, тіпті оның аузынан көбік аға бастаған.
Медицина қызметкерлері сол жерде модельге көмектесуге тырысты. Бірақ өкінішке орай, Соарес ауруханаға жеткізілгеннен кейін дәрігерлер оның қайтыс болып кеткенін айтқан. Айта кетсек, көз жұмған жігіт 26 жаста болған.
Талқылау

"Насыбай секілді жиіркенішті заттардың қалдықтары жатыр": Сайран жағалауын қоқыстан тазартқан жігіт желіде мақтау жинады
Алматы әкімдігі Сайранда су қоймасы мен оның маңын тазарту бойынша сенбілік өтетін айтты

"Мүгедектер мен аурулар саны артып келеді": Бір аптадан бері түтінге тұншығып отырған атыраулықтар дабыл қақты
Адамдар жүйке жүйесіне әсер ететін улы зат – күкіртсутекпен уланып жатыр