Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауыр атлетика федерациясы допинг дауына қатысты ресми түсініктеме берді

ҚР Ауыр атлетика федерациясы допинг дауына қатысты ресми мәлімдеме жасады

d1fea4148c76630b7f94addfc612f6e7

Бұл туралы Vesti.kz сайты хабарлайды.

Мәлімдемеде Хьюстонда (АҚШ) өткен 2015 жылғы әлем чемпионатының қорытындысы бойынша допинг бақылауының “А” сынамаларында спортшылардың ағзасында анаболик андроген стероидтарының табылғаны айтылады.

276f6a1e75d719bf2a4b727a7584dd0c
“Халықаралық ұйымның қорытындысы уақытша мәнге ие болғандығын есепке ала отырып, осы дерек бойынша мүдделі ведомстволар мен қазақстандық федерацияда ішкі тергеу өткізу жоспарланып отыр. Оның қорытындысы бойынша, “Б” сынамасын ашуға өтініш жазу және апелляция беру туралы шешім қабылдануы мүмкін. Алайда IWF тергеуі жалғасады, оның қорытындысы Халықаралық ауыр атлетика федерациясының және Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясының сайттарында жарияланады”, – делінген хабарламада.

IMG_4515
Осыған дейін Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Ни ауыратлеттер Алмас Өтешовтің, Жасұлан Қыдырбаевтың және Ермек Өміртайдың допинг дауына қатысты уақытша шеттетілуіне түсінік берген еді. Өз сөзінде бас бапкер допинг-сынақтарының қорытындыларына күмәнмен қарайтынын айтып отыр.

Кеше Қазақстандық үш бірдей ауыр атлетке допинг қолданды деген күдік келтірілген еді.

Талқылау