Ауыр атлет Мая Манеза тағы да допингпен ұсталды

Сәрсенбі, 24 Тамыз , 2016 15:58

2008 жылы Бейжің олимпиадасына қатысқан төрт қазақстандық ауыр атлеттің қанынан рұқсат етілмеген препараттар табылған.

svetlana-carukaeva-olimpiada-2012

Фото: ossetians.com

Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.

Рұқсат етілмеген дәрмектер Бейжің олимпиадасында жүлде алған Ирина Некрасова (63 келі), Мария Гробовецкаядан (75 келі) және Владимир Седов пен Мая Манезадан да табылып отыр. Манеза Бейжің олимпиадасына қатыспаған, бірақ ол бұған дейінде допингпен күдікке ілінген болатын. Енді бұл жолғы зерттеуде Маяның қанында тағы да рұқсат етілмеген препараттың болғанын анықтапты.

Седовтың допинг-сынамасы бұған дейінде оң нәтиже берген еді. Ол 2006-2008 жылдар аралығында шеттетілген. Ал Бейжің олимпиадасында ол төртінші орын алған.

Халықаралық ауыр атлетика федерациясының ережесі бойынша допинг дауына іліккен спортшылар уақытша барлық жарыстарға қатысу құқығынан айырылады.

Соынмен қатар, бұған дейінгі тексерулер барысында Илья Ильин, Светлана Подобедова, Мая Манеза және Зұлфия Чиншанлоларлың Лондон олимпиадасындағы допинг-сынамалары оң нәтиже берген болатын. Ал Ильиннің Бейжіңдегі сынамасы да көңіл көншітерлік болмаған. Бұл спортшылардың барлығы олимпиада ойындарында жеңімпаз атанған.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
29.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар