Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауылдағы қызықсыз өмірден жалыққан қыз Алматыға қашып кеткен

Талғар полициясы бір тәулікке жуық уақыт жоғалып кеткен қызды іздеген.

Алматы болысына қарасты ІІД оқушының Алматы қаласынан табылғанын хабарлады.

Полицияның мәліметінше 15 қараша күні  Бесағаш ауылындағы бөлімшеге ерлі-зайыпты қыздарының жоғалғанын айтып, шағым түсірген.
Ата-ананың айтуынша қыздың бұрын мұндай әдеті болмаған. Осыдан кейін полиция іздеу жұмыстарын бірден бастап кеткен.

«Іздеу шаралары барысында оқушы Алматыдағы ойын-сауық саябақтарының бірінен табылған. Қазір ол аман-сау күйінде туыстарына қайтарылды. Қыздың өзі мұндай әрекетке баруына «ауылдағы қызықсыз өмірден жалыққанын» себеп деп көрсеткен.

Оқи отырыңыз:

Алматыда бірнеше көше жүргіншілерге арналып өзгермек

Алматы мен қала маңында тылсым елес көрінетін жерлер бар

Әйелін пышақтаған ОҚО тұрғыны сот алдында жауап берді

Атырауда түсік тастаған 40 жастағы әйел хәл үстінде жатыр

 

Талқылау