Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауруханаға ауыр халде түсті: Шымкентте дәрігер бір топ оқушыны көлікпен қағып кетті

Шымкентте бір топ оқушыны көлік қағып кетті. Қатты жарақат алған жасөспірімдер ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Қазір олардың өмірімен дәрігерлер күресіп жатыр. Оқиға қалай болған? Жүргізуші неліктен рөлге ие бола алмады? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ауруханаға ауыр халде түсті: Шымкентте дәрігер бір топ оқушыны көлікпен қағып кетті

Дайындыққа келген алты оқушы жаттықтырушымен сөйлесіп тұрған уақытта, аяқ астынан автотұрақта тұрған көлік сілкініп келіп, балаларды қағып кеткен.

Жеңіл көліктің рөлінде отырған қыз балалар жаттығатын спорт мектебінде дәрігер болып жұмыс істейді екен. Сол күні көлікке отырып, қозғалтқышты іске қосқанда механикалық басқаруда қалып қойған темір тұлпар бірден алға ытқып, екі метр қашықтықта тұрған бір топ шәкіртті қаққан. 

“Жаттықтырушының бәрі осы жерде сөйлесіп тұрған ғой. Сол кезде көлік оларды байқамай, қағып кеткен”, - дейді қысқы спорт түрінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің директоры Бақытжан Зиябеков.

Балаларды көлік қаққан уақытта ата аналар да қасында болған екен. Олар шұғыл түрде жедел жәрдем шақыртып, алтауын да ауруханаға жеткізген. Төртеуінің денсаулығы бірқалыпты болғандықтан, үйлеріне қайтарылыпты. Ал, екеуінің жағдайы мәз емес. Бірден, компьютерлік тамографияға түсіріп, бірінің жақ сүйегі, екіншісінің бас ми жарақаты және шүйде сүйегі сынғаны анықталған. 

“Кешегіге қарағанда, бүгінгі жағдайы бір қалыпқа келді. Қазіргі екеуінің жағдайы да орташа, ауырлықта. Бөлімшеге ауыстыруға дайындалып жатырмыз”,- деді Түркістан облыстық балалар клиникалық ауруханасының бөлімше меңгерушісі Тимур Бекманов.

Зардап шеккендер қысқы спорт ойыны - шорт трекпен енді айналысып жүргендер екен. Барлығы 6-11жас аралығында. Осы дерекке қатысты, Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы тергеу амалдарын бастап кетті. Ал, оқушылардың ата-аналары тәртіп сақшыларына шағымданбаған. Кінәлі медбикеге қатысты талап арызы жазылмапты.
 

Талқылау