Ауғанстанда терактіден көз жұмған қазақстандық азамат бизнеспен айналысқан
Ауғанстанда қаза болған қазақстандық азаматтың оы уақытқа дейін бизнеспен айналысып келгені белгілі болды.

“1978 жылғы азамат Астана тұрғыны. Ауғанстандық компанияның шақыртуымен сол елге барған. Коммуникация саласында бизнеспен айналысқан. Қазір қазақстандық дипломаттар келісім жасасып, марқұмның денесін елге жеткізбек”, – дейді СІМ ресми өкілі Әнуар Жайнақов.
Астана тұрғыны Ауғанстанда 2017 жылдың қазан-қараша айларынан бастап жүрген. Ол Ауғанстандағы Қазақстан елшілігіне тіркелмеген.
Айта кетейік, содырлар Intercontinental Hotel қонақүйіне шабуылдап, соның салдарынан кем дегенде 43 адам көз жұмды. Оның ішінде Қазақстан азаматы да бар. Бұл терактіні “Талибан” радикалды қозғалысы өз мойнына алды. Қазақстан Ауғанстандағы террорлық шабуылды айыптады.
Оқи отырыңыз:
"Су тапшылығы болып, қала демала алмай қалады": Экологтар Көкжайлауда 650 миллиардқа салынатын тау кластері құрылысын тоқтатуды талап етті
Сөздерінше, құрылыс мұзды аймақтарға тікелей жақын орналасқан 3880 метр биікке салынады
2,8 шақырымға 4 миллиард теңге жұмсалған: Жетісу облысындағы сарқырамаға апаратын жолдың құрылысы әлі бітпей тұр
Сарқырамаға апаратын жол 2027 жылы қолданысқа берілмек