Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал әнші әуежайға бара жатқан жолда апатқа ұшырады

Жол апатына түскен белгілі әнші Максимге шұғыл көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

Максим

Көлік апаты мен өнер иесінің жағдайы туралы көмекшісі Маргарита Соколова әлеуметтік желідегі парақшасында айтып берді. Бұл оқиға әнші әуежайға кетіп бара жатқан жолда орын алған. Менеджер Маринаның мамырдың соңына дейін ауруханада жататынын және жоспарланған шаралардың кері шегерілетінін айтты.

"МакСсмнің алдағы уақытта болатын шараларға қатысып, жоспарланған жобаларға атсалысуы туралы сұрақтарға жауап ретінде сіздерге қайғылы жағдай жайында баян етіп, осы суреттерді жүктеуге мәжбүрмін. Баршаңыздың сүйікті әншілеріңіз "Абонент байланыс аясынан тыс жерде" клипін түсіруге Мәскеуге аттанып бара жатқан жолда, әуежайға жетпей апатқа ұшырады. Қазіргі таңда Марина мықты дәрігерлердің қадағалауында", - деп апатты естігеннен бері уайымға салынған жандарды сабырға шықырды.

Менеджер әншінің жол апатынан зардап шеккен суреттерін желіге жүктеп, оқырмандардың көзін жеткізді. Фотосуреттерде денесінің барлық жері көгерген Марина Максимова аурухана төсегінде жатыр. Көмекшісінің айтуы бойынша, қазір өнер иесінің жағдайы жақсарған. 

"Біздің жағдайымызға түсіністікпен қарап, Маринаның тез жазылуын тілеңіздер. Мамандардың айтуынша, әншінің жағдайын қалпына келтіру жұмыстары мамыр айының 20-жұлдызына дейін жалғаспақ,, - деп мәлімдеді Маргарита Соколова

Талқылау